Жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті.
"Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!". Осындай атаумен Шымкент қаласының жедел жәрдем станциясының дәрігерлері қала тұрғындары үшін арнайы акция өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шара барысында сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Осы акция арқылы жедел жәрдем мамандары қала тұрғындарын сақтық шараларын назарда ұстап, үйде болуға шақырды.
Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт" шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға 30 жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.