Шымкентте жеті білім нысаны күрделі жөндеуден өтті

0
75

Нысандарға автоматты өрт дабылы жүйесі орнатылып, аулалар абаттандырылды.


Шымкентте жеті білім нысаны күрделі жөндеуден өтті

Жаңа оқу жылына дайындық аясында Шымкент қаласындағы 7 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

Жөндеу барысында ғимараттардың терезелері мен есіктері ауыстырылып, іші әрленді және сыртқы қасбеті қапталды. Сонымен қатар шатыр, су құбыры және кәріз, электр желілері мен жарықтандыру жүйелері жаңартылды.
Нысандарға автоматты өрт дабылы жүйесі орнатылып, аулалар абаттандырылды. Атап айтқанда, жолдарға асфальт, тротуар тақтасы төселіп, бастырмалар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.
Күрделі жөндеу жүргізілген нысандардың қатарында 6 мектеп пен 1 балабақша бар:
– Ұлдарға арналған №1 оқу-инновациялық лицей-интернатның ғимараты;
– Хамза атындағы №42 жалпы орта мектеп;
– №106 Қайнарбұлақ жалпы орта мектебі;
– Мұхтар Әуезов атындағы №96 жалпы орта мектеп;
– А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей;
– №46 мектеп-лицейі;
– №122 «Ақ көгершін» бөбекжай бақшасы.
Бөлісу