2024 жылы Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту шаралары сәтті жүзеге асырылып, жоспарланған көрсеткіштен артып отыр.
Жыл басында 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту көзделсе, жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 58 046 адамды құрап, жоспар 102%-ға орындалды. Оның ішінде 39 792 адам тұрақты жұмысқа, 11 490 адам уақытша жұмысқа орналасып, 6 764 адам кәсіпкерлік негіздерін оқуға тартылды.
Былтыр мегаполисте 26 482 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 26 096 тұрақты және 386 уақытша. Бұл орындардың 3 140-ы түрлі мемлекеттік концепциялардың негізінде, ал 23 342-сі жеке бастамалар арқылы (жекеменшік балабақшалар, спорт кешендері, білім беру ұйымдары, асханалар мен дәріханалар) құрылды.
Жалпы, 2024 жыл Шымкент қаласында жұмыспен қамту саласында нәтижелі болғанын көрсетіп отыр.