Автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.
Шымкент қаласында Темірлан тас жолы бойында жүргізуші автокөлікті басқара отырып, кәмелетке толмаған екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның біреуі алған жарақатынан қайтыс болған, екіншісі түрлі жарақаттармен Шымкент қаласының медициналық мекемесінің жансақтау бөлміне жеткізілген.
Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасын жасаған көліктің маркасын және оның орналасқан жерін анықтады.
Аталған автокөлік жүргізушісін ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде.