Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.
Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің барлығы жылыту маусымына дайын.
15 жылу қазандықтар мен 17 сорғы стансалар да толық дайын.
19,4 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.
«3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторлар күрделі жөндеуден өтті.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.
Айта кетейік, Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның 2 нысаны аяқталып, 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді.
2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл:
- 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру,
- 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу
- 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді.
2023 жылы - 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары.
2024 жылы - 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары.
2025 жылы - 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.
2021 жылы қалада ұзындығы 29,5 шақырым болатын жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,96 млрд. теңге қаралған.