Шымкенттегі бизнес-жобаларға екінші деңгейлі банктер несие беруге дайын

0
1 453

Шымкентте өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер мен басқармалар жұмыс істеп жатыр.


Шымкенттегі бизнес-жобаларға екінші деңгейлі банктер несие беруге дайын

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырдың төрағалығымен шағын несиелер беру мәселелері бойынша өткен бұл жиынға Екінші деңгейлі банктер мен қала әкімдігінің басқармалары және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, мәжіліс барысында аталған бағдарламаларға қатысушы жобалардың мәселелерін бірлесе талқылап, оны жеделдетіп шешу бойынша ұсыныстар енгізілді.


Атап айтсақ, бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында қаржы көздеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету, жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету үшін Шымкентте өңірлік кәсіпкерлер палатасы, екінші деңгейлі банктер мен басқармалар бірлесе Жобалық кеңсе құрылып, жұмыс істеп жатыр.


Одан бөлек, жиын барысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау саласында бірнеше жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған бірнеше жаңа жобалар жайында сөз қозғалды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша 5,9 млрд.теңгеге жоспарланған 18 жоба Екінші деңгейлі банктерден несие алуға мақұлданған.