Шымкенттік былғары қолғап шеберлері Сербияда топ жарды

0
245


Шымкенттік былғары қолғап шеберлері Сербияда топ жарды

Сербияда өткен “Belgrade Winner” халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл жарыста сәтті өнер көрсетіп, 13 жүлдені қанжығасына байлады.

Шымкент қаласынан қатысқан үш боксшымыз да қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті. Нәтижесінде, үшеуі де чемпион атанып, ел қоржынына алтын медаль салды:
Санжарәлі Бегалиев (75 кг)
Дәурен Мамыр (86 кг)
Нұрасыл Асылхан (+92 кг)
Шымкенттік былғары қолғап шеберлері осылайша Қазақстанның абыройын асқақтатып, халықаралық аренада ел намысын лайықты түрде қорғады.
Бөлісу