Шымкенттік дәрігерлер жүрек тамыры 99% бітелген науқасты аман алып қалды

0
80


Шымкенттік дәрігерлер жүрек тамыры 99% бітелген науқасты аман алып қалды

Шымкент қаласындағы «Хадиша» клиникасының білікті кардиохирургтары жүрек-қан тамыры 99 пайызға дейін тарылған 59 жастағы науқастың өмірін аман сақтап қалды.

Бұл жағдай жедел инфаркт қаупі аса жоғары саналатын клиникалық көріністердің бірі.

Науқасқа шұғыл түрде коронарография жасалып, зақымданған қан тамырына стент орнатылды. Стент орнату арқылы қан айналымы қалыпқа келтіріліп, жүрекке қанның еркін жетуі қамтамасыз етілді.
Клиниканың мәліметінше, күрделі медициналық процедура жергілікті жансыздандыру әдісімен жүргізілген, ал операция кезінде науқас есін біліп жатқан. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты, әрі ол медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге алғысын білдіруде.
Кардиохирург Ұлан Бахтыбаевтың айтуынша, мұндай оталар бүгінде Қазақстанда кеңінен қолданылуда және көптеген адамның өмірін сақтап қалуға ықпал етуде. Аталған процедураның құны шамамен 2 миллион теңгені құрағанымен, ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында толықтай тегін ұсынылады.
Дәрігерлер азаматтарды жүрек-қан тамырлары ауруларына бей-жай қарамауға, денсаулық жағдайын үнемі бақылап отыруға және уақтылы тексеруден өтуге шақырады. Себебі, ерте анықталған диагноз – өмірді сақтап қалудың негізгі кепілі.
Бөлісу