Шымкенттік қыздар индорхоккейден Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы атанды

0
316

Чемпионат өз деңгейінде өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін шыңдауға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды.


Шымкенттік қыздар индорхоккейден Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы атанды

Орал қаласында индорхоккейден ересектер арасындағы Жоғарғы лиганың 1 және 2 туры аясында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

2024 жылдың 25 қаңтарында басталып, 1 ақпанға дейін жалғасқан дүбірлі додада еліміздің үздік ерлер және әйелдер құрамалары өзара мықтыны анықтады.

Чемпионат барысында жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсеткен Шымкент қаласының әйелдер құрамасы тамаша ойын өрнегін көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс олардың дайындық деңгейі мен командалық рухының нәтижесі екені сөзсіз.
Ал Шымкент қаласының ерлер құрамасы да лайықты өнер көрсетіп, тартысты кездесулердің нәтижесінде жалпы есепте төртінші орынға ие болды. Жарыс барысында олар қарсыластарына оңайлықпен жол бермей, соңына дейін күресе білді.
Чемпионат өз деңгейінде өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін шыңдауға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды. Индорхоккейден Қазақстан чемпионаты отандық спорттың дамуына серпін беріп, алдағы жарыстарға үлкен мотивация болмақ.
Айта кетейік, қараша айында Жоғарғы лиганың 3-ші және 4-ші турлары өтеді.
Бөлісу