Шымкенттегі №41 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауының жеңімпазы Алина Есенгелдиева АҚШ, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарынан шақырту алды.
Университеттер тізімі: Iowa University, College of the Atlantic, American University, University of Massachusetts Amherst, Loyola Marymount University, University of the Pacific, Michigan Tech, Clarkson University, Heriot-Watt University Dubai (Ұлыбритания университеті, Дубай кампусы), Clemson University.
«Мен еңбек нарығында сұранысқа ие биомедициналық инженер мамандығына таңдау жасадым. Кейбір университеттер сұқбат өткізді. Бұл да іріктеудің бір бөлігі болып табылады. Алғашқы нәтижелер Наурыз айында келе бастады», — дейді А.Есенгелдиева.