Шымкенттік оқушылар республикалық олимпиадада 50-ге жуық медаль иеленді

0
1 007

Бұл жолғы олимпиада Шымкент қаласы білім басқармасының «Дарын» орталығымен бірлесіп өткізілді.


Шымкенттік оқушылар республикалық олимпиадада 50-ге жуық медаль иеленді

Шымкенттік оқушылар республикалық олимпиадада 48 медаль иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2022 жылғы 18-23 сәуір күндері аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты - жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағытындағы физика, математика, химия, география, биология, информатика пәндерінен және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, құқық негіздері, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша Oqylyq.kz қашықтықтан оқыту платформасы прокторинг жүйесі арқылы өткізілді.
Бұл жолғы олимпиада Шымкент қаласы білім басқармасының «Дарын» орталығымен бірлесіп өткізілді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Интелектуалдық іс- шараларды ұйымдастыру және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің әдіскері Турсынбекова Гульжан Жетпыспековна және Шымкент “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің басшысы Садибеков Бижан Абдигапбарұлының қатысуымен «академиялық адалдық» негізінде өтті.
Сонымен қоса аталмыш олимпиада барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, оффлайн форматта Шымкент қаласындағы U-STUDY тестілеу орталығында электронды форматта «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы негізінде ұйымдастырылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңіне 31 жалпы білім беру ұйымдарынан 122 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша шымкенттік оқушылар І орын – 9, ІІ орын -14, ІІІ орын – 25 оқушы орындарға ие болды.