Шымкенттік полицейлер «Назар аударыңыз, балалар!» акциясын өткізіп жатыр

0
1 698

Іс-шараны мектептерде құқық тәртібін сақтауға бекітілген жауапты қызметкерлері атқарады.


Шымкенттік полицейлер «Назар аударыңыз, балалар!» акциясын өткізіп жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

2019 жыл 1-30 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында «Назар аударыңыз, балалар!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шараны 1 қыркүйектен бастап Полиция департаментінің қала мектептерінде құқық тәртібін сақтауға бекітілген жауапты қызметкерлері атқарады.

Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу орындарына жақын маңдағы қосымша бекеттер мен патрульдеу бағыттары қойылған.

Сонымен қатар, балалардың жолдан қауіпсіз өтуі мақсатында Шымкент ҚПД Ювеналды полиция инспекторлары өткен жылдағыдай күн сайын қала мектептерінің жанында орналасқан жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік етуді жалғастырады.