Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында топ жарды

0
98

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 командадан 130 спортшы қатысып жатыр.


Шымкенттік спортшылар ел чемпионатында топ жарды

Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатының марапаттау рәсімі өтіп, жергілікті мергендер жеңіс тұғырынан көрініп, қаламыздың мерейін үстем етті.

Әсіресе әйелдер арасындағы командалық жарыс аса тартысты өтті. Бұл бәсекеде шымкенттік спортшылар шеберліктерін толықтай дәлелдеп, жалпы есепте көш бастап тұр. Командалық рух пен мергендік дәлдік жеңіс формуласына айналғандай әсер қалдырды.
Ертең жарыстың көрігін ерлер арасындағы сайыс қыздырады. Әрбір команда жеңіс үшін барын салатыны анық.
Айта кетейік, бұл чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 командадан 130 спортшы қатысып жатыр. Жарыс 7 ақпан күні аяқталады.
Бөлісу