Астана қаласында триатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында жабық ғимаратта Қазақстан чемпионаты өтті.
ұл сайысқа еліміздің барлық аймағынан жиналған ең мықты спортшылар қатысты. Жарыс қатысушылары жоғары шеберліктерімен көзге түсіп, өз өңірлерінің намысын қорғады.
Айтулы додада Шымкент қаласының триатлоншылары жақсы нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 2 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алды. Атап айтқанда, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Шнейдер Калерия жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, 19 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Иванюк Вероника да екінші орынға ие болып, күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Қола медаль иегерлері де ерекше атап өтуге лайық. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шевченко Арсений үздіктер қатарынан көрінсе, 19 жасқа дейінгі топта Агабаева Рамина табандылығымен көзге түсіп, үшінші орыннан көрінді.