«Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық өскелең ұрпағының да болашағын қамдай алмақ» дейді дана халқымыз.
Шымкент қаласында көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Шара барысында ширек ғасыр ел басқарған тұлға жайлы жылы естеліктер мен лебіздер төгілді.
- Ол кісінің жарқын бейнесі, қажымас қайраты ұрпақ жадында мәңгі сақталарына сенімдіміз. Дінмұмамед Қонаев ел үшін өлшеусіз еңбек еткен ерен тұлға десек, артық айтпағанымыз болар. Дінмұхаммед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Осы еңбегінің өзі үлкен ерлік. Халқына адал қызмет еткен қайраткер деп айта аламын. Дара тұлғаның ізгі жолы жастарға үлгі болып, жастар арасында насихатталуы керек, - деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы болып Бахадыр Нарымбетов.
Салтанатты шарадан кейін қазақ халқының ардақты перзенті Дінмұхамед Қонаевтың рухына тағзым етіліп, құран бағышталды.