Шымкенттің бас полицейі: «Тұрғындардың кез келген мәселесі міндетті түрде шешімін табады»

0
1 161

Үшінші мегаполис тұрғындары полиция бастығына баға берді.


Шымкенттің бас полицейі: «Тұрғындардың кез келген мәселесі міндетті түрде шешімін табады»

Шымкент ҚПД-нің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Тоғыс елдімекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Атап өтсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасап, халыққа барынша жақын және олардың өтініштері қабылданып, тез-арада оған заңды шешім қабылдану қажеттігін айтқан болатын.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Тоғыс елдімекенінің тұрғындарымен кездесіп, қойылған сұрақтарды кең көлемде талқылауға салды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының Бас полицейі есігінің әрқашан ашық, тұрғындардың қандай да бір мазалап жүрген сұрақтары немесе мәселелері болса, міндетті түрде бірлесіп, ақылдасып шешімін табатынын айтты.


Ал тұрғындар өз кезегінде, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетовтың апта сайынғы азаматтарды қабылдауын «фейсбук» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көретінін айтып, «әрбір басшы осылайша ашық және халыққа жақын болса екен», - деген ойларын жеткізді.


Сондай-ақ, кездесу барысында аталған елдімекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші АПБ-на екі қызметтік автокөлік берілді және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, демалыс күндері қосымша екі автоэкипаж жұмыс атқаратын болды.