​Сібір жарасымен ауырған науқастар жазылып шықты

0
1 273

Бір күн бұрын қалада екі ағайынды инфекция жұқтырған.


​Сібір жарасымен ауырған науқастар жазылып шықты

Шымкентте Сібір жарасымен ауырған науқастар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Естеріңізге салайық, бір күн бұрын қалада екі ағайынды инфекция жұқтырған. Індетке шалдыққандар ағайынды азаматтар Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағындағы мал шаруашылығымен айналысқан. «Науқастарға Сібір жарасы қыркүйек айының басында шыққан», – дейді санитар дәрігерлер. Денелеріне жара шыға бастаған соң екі азаматта жергілікті емханаға барып көрінген. Сол жерден қалалық жұқпалы ауруханасына стационарлық бөлімге жатқызылған. Қазіргі таңда қос азамат дерттен құлан-таза айығып үйіне шығарылды.

"Індет ошағында барлық санитарлық шаралар жүргізілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 21 адамның барлығы медициналық бақылаудан өтті. Олардың арасынан дерттің белгілері анықталмады. Қазіргі таңда ауру ошағы толығымен жабылды және қайталанған жағдайлар кездескен жоқ", - дейді Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы Балкүміс Мұсаева.

Сала мамандары Шымкент пен Түркістан облысының жақын жатқан аудандары сібір жарасы бойынша қолайсыз аймақ екендігінде атап өтті. Індеттің алдын алу үшін үй жануарларына немесе қолда ұстайтын ірі қара, ұсақ мал болсын барлығына жыл сайын Сібір жарасына қарсы екпе егіліп тұруы тиіс. Ауру белгілері анықталған жағдайда тиісті орындарға хабарласып, аурудың алдын алу керек екенін ескертті.