Соңғы үш жылда Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесінде елеулі өзгерістер болды

0
159

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибуллаұлы медицина ұйымдарымен бірлесе отырып, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарының нәтижесімен ой бөлісті.


Соңғы үш жылда Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесінде елеулі өзгерістер болды

ERNUR.KZ. Соңғы үш жылда Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесінде елеулі өзгерістер мен маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Бұл табыстар – денсаулық сақтау ұйымдары, мамандар мен әкімдік арасындағы үйлесімді әрекет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Негізгі нәтижелер:
1. Медициналық көрсеткіштерді жақсарту.
Қаланың негізгі денсаулық сақтау көрсеткіштері айтарлықтай жақсарып, әсіресе ана мен бала өлімі деңгейі төмендеді. Бұл – алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын арттыру, мамандарды оқыту және материалдық-техникалық базаны нығайтудың нәтижесі.
2. Министрлік деңгейіндегі тарихи оқиға.
2025 жылғы 30 мамырда алғаш рет Шымкент қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алқа отырысы ұйымдастырылды. Бұл – қаланың денсаулық сақтау саласына деген сенім мен жоғары бағаның көрсеткіші.
3. Даму тұжырымдамасы бекітілді.
Шымкент қаласының медициналық қызметін жүйелі түрде дамытуға бағытталған кешенді Концепция қабылданып, оның аясында нақты индикаторлар мен кезең-кезеңімен жүзеге асатын шаралар айқындалды.
4. Халықаралық стандарттарға қадам.
Шымкент қаласы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық «Салауатты қалалар» жобасына қосылу процесінде. Бұл бастама қаланың қоғамдық денсаулығын жақсартуға бағытталған.
5. Қаржылық тұрақтану және қызметкерлерді ынталандыру.
2022 жылы жинақталған 3,5 млрд теңге көлеміндегі қарыз толық өтеліп, №1 қалалық аурухана – 2,5 млрд теңге, №2 қалалық аурухана – 860 млн теңге көлеміндегі қарыздардан құтылды. 2025 жылы осы қаржылық тұрақтылықтың арқасында медицина қызметкерлеріне сыйақы төлеу мүмкін болды.
6. Аккредитациядан өткен ұйымдар саны артты.
2022 жылы бар болғаны 8 медициналық мекеме аккредитациядан өтсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 53 мекемеге дейін ұлғайып, қаладағы медициналық ұйымдардың 60%-ын қамтыды.
7. Үлгілі тәжірибе орталықтары құрылды.
№6, №3, №1 және №7 қалалық емханалар базасында үлгілі тәжірибе орталықтары ашылды. Бұл орталықтарда 200-ден астам аймақтық медицина қызметкерлері тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырды.
8. Госпитальдық фармация енгізілді.
8 медициналық ұйым жанынан госпитальдық фармация бөлімдері ашылып, нәтижесінде 74 млн теңге үнемделді. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 200 млн теңгеге жетеді деп күтілуде.
9. Жедел жәрдем автопаркі жаңартылды.
2024–2025 жылдары 50-ден астам жедел жәрдем көлігі сатып алынып, шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Жыл соңына дейін тағы 50 көлік алу жоспарланып отыр.
10. Медицина қызметкерлерінің халықаралық деңгейде біліктілігін арттыру.
2023 жылдан бастап 224 маман шетелде оқып, 120 маман түрлі мастер-класстарға қатысты. 2025 жылы тағы 116 маманды шетелде оқыту, 120 маманды шеберлік сабақтар арқылы оқыту жоспарланған.

2022–2025 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар – Шымкент қаласының денсаулық сақтау жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған кешенді өзгерістер. Бұл жетістіктер әрбір қызметкердің, әріптестеріміздің кәсібилігі мен ынтымақты жұмысының нәтижесі.