"Сырлы Сұхбат": Шымкентте жастардың қатысуымен әдеби-сазды кездесу өтті

0
431

Кездесу барысында студентермен әдебиет оның ішінде поэзия жайлы сөз қозғалып, студенттердің мәнерлеп оқу шеберліктері тыңдалып талқыланды.


Шымкент қаласында жастардың қатысуымен "Сырлы Сұхбат" әдеби-сазды кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Жастар ресурстық орталығында ақын, Қаратау дәстүрлі өнері мектебінің Поэзия сыныбының ұстазы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Әлімжан Әлішердің қатысуымен өткізілді.

Аталған кездесуге Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында студентермен әдебиет оның ішінде поэзия жайлы сөз қозғалып, студенттердің мәнерлеп оқу шеберліктері тыңдалып талқыланды.