ТАЗА ҚАЛА – ӘР АДАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

0
55

Қоғамдық орындарда темекі шегуге қойылған шектеулер – айналадағы азаматтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға және қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған.


ТАЗА ҚАЛА – ӘР АДАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІНЕН БАСТАЛАДЫ

Шымкентте қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына бағытталған жүйелі жұмыс жалғасуда.

Оның аясында қоғамдық орындарда темекі шегуге жол бермеу талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері қалалық қызметтермен бірлесіп, тұрақты мониторинг және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Қоғамдық орындарда белгіленбеген жерлерде темекі шегетін азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар олардың алдын алу және тұрғындар арасында қоғамдық тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Қоғамдық орындарда темекі шегуге қойылған шектеулер – айналадағы азаматтардың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға және қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған.
Тазалық пен тәртіп – баршаға ортақ жауапкершілік. Қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды сақтау – әр азаматтың міндеті. Тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық орындарда темекі шегуге қатысты белгіленген талаптарды сақтауға, айналадағы адамдардың құқықтары мен жайлылығын құрметтеуге шақырамыз. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.
Бөлісу