ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Шымкентте белгіленбеген орынға қоқыс тастағаны үшін ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

0
55

Полиция департаменті қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салады.


ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: Шымкентте белгіленбеген орынға қоқыс тастағаны үшін ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды

Шымкентте қала аумағындағы қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарының сақталуы бейнебақылау жүйелері арқылы және дрон көмегімен тұрақты бақылау жүргізіледі.

Осындай тексеру барысында тазалық талаптарын бұзған КамАЗ автокөлігі анықталып, жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау, ортақ пайдалану орындарының ластануына жол бермеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Жыл басынан қаламыздың көркі мен тазалығына, экологиясы мен имиджіне кері әсер ететін жайттары бойынша 32 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, салынған айппұлдың мөлшері 90,5 млн теңгені құрады.
Полиция департаменті қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салады.
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау және белгіленген талаптарды сақтау – таза әрі жайлы қаланың кепілі.
Бөлісу