Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қоғамдық қабылдауы өтті.
Қабылдау барысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева және сала өкілдері тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тыңдап, ұсыныстарын қарастырды.
Қабылдауға келген азаматтар тарапынан көтерілген негізгі мәселелер – жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін үкіметтік емес ұйымдарды лицензиялау, мүгедектігі бар балаларды оңалту және оларға қолдау көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алу, зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру.
Әлеуметтік сала өкілдері әрбір өтінішті мұқият қарастырып, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Сонымен қатар, кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмелер беріліп, нақты шешу жолдары ұсынылды.
Қала тұрғындары мұндай қабылдаулардың дер кезінде өткізілуі олардың проблемаларын жедел анықтап, қажетті көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қоғамдық қабылдау қала әкімдігінің халыққа жақын болуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.