Шымкент қаласында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай “Мәртебелі кітап” апталығы аясында кезекті бесінші шара – “WEEKEND. BOOK. VIBES” атты әдеби-мәдени іс-шара “Кең-баба” саябағында ұйымдастырылды.
Шараға қалалық балалар кітапханаларының белсенді оқырмандары мен саябақта демалушы балалар қатысты. Балалар кітапханасы осы күні ашық аспан астында бірнеше әдеби демалыс алаңдарын дайындады. Атап айтқанда:
• ТалқыLIKE – рөлдік оқу мен шығарманы талқылау;
• Кітапқа байланысты фильм көрсету – әдеби шығарма желісімен түсірілген бейнематериалдар ұсынылды;
• “Әжемнің ертегілері” – ұлттық ауыз әдебиетін насихаттауға арналған бұрыш;
• “Балалар әлемі” – ертегілер оқу, сурет салу, шығармашылық жұмыстар, зияткерлік ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған алаң.
Сонымен қатар, шара барысында кітап клубтары кездесуі ұйымдастырылып, “Кітап талқы” үйірмесінің мүшелерімен еркін пікір алмасу, кітаптар жайлы ой бөлісу сәттері өтті. Бұл кездесу жас оқырмандарға ерекше рухани демалыс сыйлады.