​ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІС ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАНДАРДЫҢ ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

0
113


​ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: ЖЕҢІС ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАНДАРДЫҢ ЕРЛІГІ ДӘРІПТЕЛДІ

Шымкент қалалық музейлер бірлестігі «Ерлік музейі» бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Бейбіт күн жасасын әлемде!» тақырыбында іс-шара өтті.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігін қастерлеу – кейінгі буынның парызы. Шымкенттің өзінде 23 мыңнан астам адам майданға аттанған. Олардың көбі майдан даласынан оралмады.

Ал, боздақтардың пайдалаған заттары мен құралдары музейдің «Ерлік» бөлімінде сақтаулы. Жалпы жәдігерлер – елдің тарихын, ерлік дәстүрін қастерлеген, қаһарман әкелер ерлігі мен рухына деген құрметтің көрінісі. Дәл осы мақсатта ұйымдастырушылар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабамыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту мақсатында тағылымы мол жиын өткізді. Іс- шараға полковник Онбаев Серікбай, Хорашаева Салтанат, Жаймырзаева Сапаркул, Байетов Мақсат Сырханзатұлы, Кемелов Сәлімжан, Смайлов Құралбай, Балабекова Дариға, Ахымбекова Қымқа, Есмұрзаева Қалшаткүл, Тасанбаева Галина, Умаров Баймырза, Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-нің Шымкент қалалық филиалының төрағасы Оспанова Гулмира Болатқызы, «Семей-сынақ ядролық полигоны» ҚБ төрағасы Даулбаев Қалжан Қалдыбайұлы және ардагерлері, «Чернобль апаты» РҚБ-нің Шымкент филиалының төрағасы Нахбаев Сайфулин Нақыпбекұлы, 6698 әскери бөлімінің жеке құрамы, студенттер қатысты.
«Ерлік» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Нурқұлова Ботагөз «Ұлы Жеңіс -ұрпаққа аманат» тақырыбында баяндама оқыды. Ардагерлер мен ҰОС-ардагерлерінің ұрпақтары жастарға Ұлы Жеңістің елімізге қандай қиындықпен, ерлік жолында жан берген қаһармандардың өмірімен келгенін айтса, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мәдениет және өнер факультетінің студенттері әуелете қобызбен күй орындады. Ерлік музейінің қорындағы жәдігерлерден «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбында арнайы көрме жасақталды.
Шараны «Ерлік» бөлімінің меңгерушісі Джаксыбекова Гулзинат қорытындылап, өнерлі жастарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Шара соңында майданнан оралмаған боздақтардың рухтарына «Семей-сынақ ядролық полигоны» ҚБ ардагерлерімен төрағасы Даулбаев Қалжан Қалдыбайұлының ұйымдастыруымен құран бағышталды.
«Ерлік» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Айгүл Садыққызы
Бөлісу