Мамандар инфекциялық стационарлардың жүктемесі бір ай көлемінде 50 пайыздан 38 пайызға дейін төмендегенін айтады.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Олардың айтуынша, қалада өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 жағдай тіркелген. Оның ішінде белгілері бар 41, белгілері жоқ 8. Індет жұқтырған 39 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 10 адам үй бақылауына алынған.
Ауруханадағы орындар біртіндеп босап жатқаны байқалады. Мамандар инфекциялық стационарлардың жүктемесі бір ай көлемінде 50 пайыздан 38 пайызға дейін төмендегенін айтады.
Бүгінде инфекциялық стационарда 548 науқас, ал жансақтау бөлімінде 96 науқас ем қабылдауда.
Сонымен қатар қалада екпе салдырғандар қатары артып келеді. Бір тәулік ішінде қалада 2322 адам вакцина алған. Егу науқаны басталғалы барлығы 516 623 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 417 708 адам вакцинаның екі компонентін алған.