Бұл күн – Шымкент қаласының жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан, үшінші мегаполистің туған күні.
Шымкентте ресми түрде Қала күні - 19 маусым болып бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгінгі Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы барысында депутаттар осындай шешім қабылдады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов:
- 19 маусымда Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдады. Бұл күн – Шымкент қаласының жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан, үшінші мегаполистің туған күні. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында енді 19 маусымда Қала күнін тойлайтын боламыз.