Шымкент қаласындағы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталығы «Заңды білу – заман талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Кездесуге Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университет проректоры Бердіқұл Садықов, Шымкент қаласы полиция департаментінің Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының полиция подполковнигі Алишер Айсаев, «Ассамблея жастары» төрайымы Гулистан Сейдахметова мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нұргерім Нұрлан қатысты.
Жиын барысында заңды білудің маңыздылығы, интернеттегі қауіпсіздік, есірткіге қарсы күрес және жастардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алып, пайдалы ақпаратпен бөлісті.