​“Жағдайы ауыр”: Шымкентте 2 жасар бала терезеден құлап кетті

0
605

Бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.


​“Жағдайы ауыр”: Шымкентте 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Шымкент қаласында 2 жасар бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 14:00-де Қаратау ауданындағы 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде үлкендердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

2020 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтауда.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында мұндай 4 оқиға болған. Өткен жылы осы есепті мерзім ішінде 7 оқиға орын алған еді.