«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ»: Шымкентте Қайырымдылық күніне орай ерекше іс-шара өтті

0
117

Жылы сөздер, шынайы күлкі мен ақжарма тілектер бұл кештің ерекше атмосферасын айқындай түсті.


«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ»: Шымкентте Қайырымдылық күніне орай ерекше іс-шара өтті

Шымкентте Қайырымдылық күніне орай жүрек жылуын сыйлаған ерекше шара өтті.

«Janin.kz» қайырымдылық қоры мен Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Жақсылық жаршысы» іс-шарасы ерекше балаларға қуаныш сыйлап, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне ықпал етті.

Бұл күні 70-ке жуық бала үшін мәдени және рухани бағдарлама ұсынылды. Балалар көпшіліктің қызығушылығын тудырған «Молда» фильмінің көрсетілімі барды. Тәрбиелік мәні терең бұл көркем туынды балалардың ерекше қызығушылығын оятып, үлкен әсерге бөленді.
Кино көрсетілімінен кейін, балаларға арнап жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Балалар мен олардың ата-аналары арнайы жайылған дастархан басында бас қосты. Жылы сөздер, шынайы күлкі мен ақжарма тілектер бұл кештің ерекше атмосферасын айқындай түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар ерекше балалардың өміріне жылулық сыйлап қана қоймай, қоғамның оларға деген қамқорлығын арттыруға септігін тигізеді.
Ерекше балалардың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша. Олар терең ойлайды, нәзік қарым-қатынасты жақсы көреді. Қайырымдылық қоры арқылы ұйымдастырылып отырған бұл тек бір жиын емес. Күніге біздің қор мереке жасайды. Бұл жердегі балалардың әрқайсысының өнері, шығармашылығы бар. Соған қарай бүгінгі жиынға сыйлықтарын ала келдік,-дейді «Janin.kz» қайырымдылық қорының төрайымы Жазира Тілеубергенқызы.
Алдағы уақытта, дәл осындай игі шаралар жалғасын таба бермек. Қайырымдылық – қоғамның бірлігін нығайтатын маңызды құндылық. Осындай бастамалар көбейген сайын, мейірім мен жанашырлық та арта түседі.
Бөлісу