ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ: шымкенттіктерге мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

0
121

«Shymkent plaza» сауда орталығында өтеді


ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ: шымкенттіктерге мобильді топ халыққа тегін құқықтық көмек көрсетеді

Шымкенттік тұрғындар жемқорлыққа қарсы мобильді топтан тегін құқықтық көмек ала алады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында ағымдағы жылдың 7 ақпан күні адвокаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, қала әкімдігі, прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер, білім, денсаулық сақтау, жер, транспорт, тұрғын үй, энергетика, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларының өкілдері) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен халыққа заңгерлік кеңес беру жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат қажетті кеңес ала алады.
Өтетін күні мен орны: «Shymkent plaza» сауда орталығы (Әл-Фараби алаңы 3/1), 07.02.2025 ж. сағат 16.00-де.


Бөлісу