2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасы төрт жылға шегерілді

0
753

Сенегал 2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.


2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасы төрт жылға шегерілді

ERNUR.KZ. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Сенегалдың Дакарында 2022 жылы өтуге тиіс болған Жасөспірімдер Олимпиада ойындары 2026 жылға ауыстырылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллемнің екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабылданғаны атап өтілді. Спорттық ойындардың ауысуы коронавирус пандемиясына байланысты.

ХОК сессиясы 17 шілдеде өтеді, оның барысында олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады.

Айта кетелік, Сенегал 2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.