2026 жылғы қысқы Олимпиада алғаш рет екі елде өтеді

0
925

Қысқы Олимпиада ойындары тарихында жарыс екі елде өтіп көрмеген.


2026 жылғы қысқы Олимпиада алғаш рет екі елде өтеді

ERNUR.KZ. 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары екі елде өтетін болды. Бастапқыда Италияда ғана өтуі керек болған. Алайда жарысты ұйымдастырушыларда жаңа шана-бобслей алаңын салуға қаражат пен уақыт жетпейді. Осылайша ХОК та қаржыны үнемдеу мақсатында Олимпиаданы екі елде өткізу туралы шешім қабылдауда, деп жазады vesti.kz.

Ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Өткізу үшін Швеция елімен бәсекеге түскен. Дауыс беруде де Эудженио Монти атындағы шана-бобслей трассасына басымдық берілген. Нәтижесінде Италия осы трассаның арқасында 2019 жылы Олимпиаданы өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.

Бүгінде Эудженио Монти атындағы шана-бобслей трассасы жарамсыз саналып отыр. Оны қайта жөндегеннен жаңасын салған тиімді. Ол үшін 150 миллион еуро қажет. Бұған дейін 1,5 миллиард еуродан 2 миллиардқа дейін бюджетін көбейткен италиялықтар тағы 150 миллион еуроға шығындалғысы келмейді. Нәтижесінде олар бобслей, скелетон, шана спорты ойындарын өткізетін орын таба алмай отыр.

Италия билігі бізге басқа жолын тауып, көрші елдерден де көмек сұрауымызды ұсынды, - дейді 2026 жылғы Олимпиада ұйымдастыру комитетінің басшысы Джованни Маладжо.

ХОК Италияға алғысын білдіріп, спорт алаңдарын өзге елдерден қарастыра бастады. Австрияның Инсбрук қаласы Олимпиаданы бірлесе өткізуге құлықты. Олар 10 дисциплина бойынша жарысты ұйымдастыра алады. Ол үшін 27 миллион еуро болса жеткілікті. Оның біршамасын ХОК өзі бөлмек. Енді ресми өтініш пен оны күту ғана қалып тұр.

Қысқы Олимпиада ойындары тарихында жарыс екі елде өтіп көрмеген. Бұл тарихта алғаш рет болмақ. Ал жазғы Олимпиада ойындарында бір рет екі елде өтті. 1956 жылы Аустралиядағы Олимпиаданың ат спорты түрлері Стокгольмде болған еді. Оған себеп – жасыл құрлықтағы ерекше заң. Яғни, Аустралия құрлығына жануарларды алып келуге болмайтын. Алып келсе де, алты айлық карантиннен кейін ғана көпшілік ортаға шығаруға болатын. Нәтижесінде ат спорты жарыстары Стокгольмге ауыстырылған-ды. Ал 2000 жылы да жазғы Олимпиада Аустралияда өтті. Ол кезде карантин ережелері өзгеріп, ат спорты ойындарын өткізуге кедерге болған жоқ.