21 жастағы қазақстандық боксшы 146 келі салмақтағы қарсыласын бірінші раундта құлатты

0
796

Бұл бокс кешінде тағы екі қазақстандық жеңіске жетті.


21 жастағы қазақстандық боксшы 146 келі салмақтағы қарсыласын бірінші раундта құлатты

ERNUR.KZ. Суперауыр салмақта жұдырықтасатын 21 жастағы қазақстандық Данила Семенов (3-0, 2KO) Новосибирскте өткен Boxing Night 5 шоуындағы жекпе-жекте жеңіске жетті, деп жазады vesti.kz.

Алты раундты айқаста ол 42 жастағы африкалық Осборн Матиманамен (23-14-2, 17 KO) кездесіп, бірінші раундта-ақ қарсыласын құлатты, осыдан кейін Осборн орнынан тұрмады.



Еске салайық, салмақ өлшеу рәсімінде Данила Семенов таразыда 105,6, ал Осборн Матимана – 146,0 келі көрсеткен.

Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет те төрешілер шешімімен жеңіске жетті.