Әлем чемпионатында қазақ боксшыға қатысты жанжал шықты

0
621

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған.


Әлем чемпионатында қазақ боксшыға қатысты жанжал шықты

ERNUR.KZ. Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өкіліне қатысты жанжал шықты, деп жазады Vesti.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Теміртас Жүсіповтің Омер Аметовичке қарсы жекпе-жегі наразылық тудырған. Жекпе-жекте төрешілердің басым бөлігінің шешімі бойынша, қазақстандық жеңіске жетті.

Сербияның бокс одағы бұл шешімді "ұят" деп атап, төрешілерді жеңісті ұрлады деп айыптады.

"Төрешілер шешімі біздің боксшымызға қарсы болды", - деді одақ президенті Слободан Джурич. "Серб боксшыларының бірінші, үшінші және төртінші жекпе-жектерінде осындай болды, төрешілер бәрінің көз алдында қарсыластарына алғашқы раундты берді, дегенмен бұл раундтар боксшыларымыздың таза жеңісі еді", - деді ол.

Функционер жекпе-жектің нәтижелеріне шағымданғанын айтты.

Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. Келесі жекпе-жекте жеңіске жетсе, қазақстандықтың әлем чемпионаты жүлдесіне ілігеді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтың Өзбекстаннан келген Олимпиада чемпионын жеңуі өзбек тарапының мәлімдемесінен кейін жанжал тудырған болатын.