Ресми емес ақпаратқа сенсек, мұндай сомманы жеңіс үшін алматылықтарға үшінші жақ төлеуге уәде берген.
ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан біріншілігінің 25-турында "Астананы" жеңген "Қайрат" 235 мың доллар (100 миллион теңге) пайда тапты, деп жазады vesti.kz.
Ресми емес ақпаратқа сенсек, мұндай сомманы жеңіс үшін алматылықтарға үшінші жақ төлеуге уәде берген.
Құрбан Бердыев шәкірттерінің жеңісі арқасында қостанайлық "Тобыл" ҚПЛ соңына дейін бір тур қалғанда турнир кестесінде көш бастап, алтынға үміткерлер қатарын көрінуде. "Астана" екі ұпайға қалып тұр.
"Астана" өз кезегінде чемпиондықты жеңіп алуы үшін ҚПЛ-дің соңғы турында "Тұранды" жеңіп, "Ақжайықпен" болатын ойында "Тобылдың" жаңылысқанына куә болуы керек.