Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді

0
1 096

Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттетілді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шешімімен бокстан аластатылды.


Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді

Қазақстандық төрт кәсіпқой боксшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілді, – деп хабарлайды Prosports.kz.

Нью-Йорктегі қазақ-полицей Димаш Ниязов, Айдар Шәрібаев, Шыңғысхан Тәжібай және Сағадат Рахманқұлов санкцияға ілікті.

Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы Тәжібайды 21 мамырға дейін, ал Ниязовты 27 маусымға дейін шеттетілді. Шәрібаев (27 мамырға дейін) пен Рахманқұловты (19 маусымға дейін) Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы шешімімен бокстан аластатылды.

Әзірге себебі белгісіз. Медициналық сипаттағы санкция болуы мүмкін.

Димаш Ниязов соңғы жекпе-жегін 28 сәуірде Нью-Йоркте өткізіп, спорттық мансабында тұңғыш рет мексикалық Анхель Саринадан жеңіліп қалған болатын. Осындай жағдай Шәрібаевтың да басынан өтті, ол сәуірде америкалық Эндрю Канчиодан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.