"Барыс" овертаймның 23-секундында жеңіліп қалды

0
752

"Барыс" келесі матчында 19 қарашада екатеринборлық "Автомобилист" командасын қабылдайды.


ERNUR.KZ. Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының сырт айдындағы матчында мәскеулік "Динамодан" жеңілді, деп хабарлайды almaty.tv.

Ресей астанасында өткен ойын овертайм қорытындысы бойынша 3:2 есебімен аяқталды. 4-минутта "Динамо" Артем Волковтың көмегімен есеп ашқан. Араға үш минут салып, "Барыс" қорғаушысы Леонид Метальников есепті теңестірсе, кейін форвард Никита Михайлис қазақстандық клубты алға шығарды.

Екінші кезеңде жанкүйерлер бір ғана шайба көрді - 37-минутта Игорь Полыгалов таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Үшінші кезеңде хоккейшілер есепті өзгерте алмады. Ал овертаймның 23-секундында Дмитрий Яшкин шайба салып, "Динамоға" жеңіс сыйлады.

Енді екі клубта да 33 ұпайдан бар, "Барыс" "Шығыс" конференциясында төртінші орында келеді. "Динамо" да "Батыста" төртінші болып тұр.

"Барыс" келесі матчында 19 қарашада екатеринборлық "Автомобилист" командасын қабылдайды.