Иорданияның Амман қаласында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі аяқталуға жақын.
ERNUR.KZ. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде төрт спортшымыз, қыздар арасындағы сында екі спортшымыз чемпион атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасындағы финалдық кезең нәтижелері:
Айдар Қадырхан (52 келі) - Суннатилла Өктамәлиев (Өзбекстан) - 5:0.
Төрехан Сабырхан (57 келі) - Фаррух Тулағанов (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіс
Ахмет Үсен (63 келі) - Қожаакбар Кудратов (Өзбекстан) - 5:0.
Санжар-Әли Бегалиев (66 келі) - Алиреза Моусави (Иран) – үшінші раундта техникалық жеңіс
Мұхаммед-Әли Жанболат (75 келі) - Темурбек Абдувахобов (Өзбекстан) - 0:5.
Аслан Елдібайұлы (+80 келі) - Озод Бекалиев (Өзбекстан) - 0:5.
Қыздар арасындағы финалдық жекпе-жек нәтижелері:
Карина Тоқыбай (50 келі) - Вини (Үндістан) - 0:5.
Ұлдана Таубай (60 келі) - Никита Чанд (Үндістан) – үшінші раундта техникалық жеңіліс
Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кеі) - Шрушти Сачин Сате (Үндістан) – екінші раундта техникалық жеңіліс
Аружан Жанғабаева (66 келі) - Нуха Ал-Зоуби (Иордания) – бірінші раундта техникалық жеңіс
Роксолана Валиева (70 келі) - Ойша Тоирова (Өзбекстан) – екінші раундта техникалық жеңіліс
Шұғыла Нәлібай (75 келі) - Рудрика (Үндістан) - 0:5.
Құралай Егінбайқызы (80 келі) - Хуши Пуния (Үндістан) - 4:1.
Айта кетелік, бұдан бөлек Қазақстан командасының еншісінде ерлерден 5 қола, қыздардан 5 қола жүлде бар.