Бокстан Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

0
1 509

Ақтық сайыстарын 49 келі салмақтағы боксшылар бастап берді. Жамбыл облысының боксшысы Рустам Хамидов қырғызстандық Сырғақ Жансейтовтан басым түсіп, жеңімпаз атанды. 52 келі салмақта қарағандылық Қанат Тұрғанбаев өзбекстандық Худойназар Файзовтан айласын асырып, турнирді бірінші орынмен аяқтады.


Бокстан Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті

"Жоғары спорт шеберлігі" кешенінде бокстан ересектер арасында КСРО ға еңбегі сіңген спорт шебері Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті. Биыл жарысқа қазақстандық былғары қолғап шеберлерімен бірге Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан секілді мемлекеттерден 18 команда бақ сынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ақтық сайыстарын 49 келі салмақтағы боксшылар бастап берді. Жамбыл облысының боксшысы Рустам Хамидов қырғызстандық Сырғақ Жансейтовтан басым түсіп, жеңімпаз атанды. 52 келі салмақта қарағандылық Қанат Тұрғанбаев өзбекстандық Худойназар Файзовтан айласын асырып, турнирді бірінші орынмен аяқтады. 56 келі салмақта оңтүстікқазақстандық боксшы Нариман Амантай жеңімпаз атанды. Ал, 64 келі салмақта Алматы болысынан келген Нұржан Макашбаев қарағандылық Нұрбол Сұлтанбаймен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе – жекте Нұржан Макашбаев жеңімпаз деп танылды.