Жәнібек өзін орта дивизион патшасымын деп атаған.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кез келген чемпионды жеңе алатынын мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz.
Жәнібек өзін орта дивизион патшасымын деп атап, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) және Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) сияқты әлемдік кәсіпқой ұйымдарды жазбасында белгілеп кеткен.
"Қашан және қайда? Кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайынмын! Кез келген чемпионды жеңе алатынымды білесіздер. Мен орта салмақ патшасымын", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде.
Дегенмен ол өзге қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) чемпиондық белбеулерге ие Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мен Халықаралық бокс ұйымын (IBO) атамады.