18 жастағы ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды
ERNUR.KZ. Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында жерлесіміз Едіге Емберді Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды, деп жазады zakon.kz.
18 жастағы ауыр атлет 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол 336 (145+191) келіні басынан асырды. Жұлқа көтеруде 9-орын, ал серпе көтеру мен қоссайыс қорытындысында алтын жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тағы бір ауыр атлетіміз Юлия Трошкина қоссайыс бойынша жалпы есепте оныншы орынды иеленді. Ол 150 (70+80) келіні көтерді. Дәл сондай орынға ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта Петр Хребтов 270 (120+150) тұрақтады. Айта кетейік, 44 елден 229 спортшы қатысып жатқан жарыс 23 қарашаға дейін жалғасады.