Жарысқа қатысушылар 27 тамызға дейін тіркеуден өтуі тиіс.
ERNUR.KZ. 30 тамызда Конституция күні құрметіне орай, Астана (Вячеславка) су қоймасында спинингпен спорттық-әуесқойлық балық аулау жарыс өтеді, деп жазады Елорда Инфо.
Шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік – шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұйымдастырады.
Жарысқа қатысушылардың өтінішті 27 тамызға дейін Қабанбай батыр даңғылы, 33, 414 кабинетіне және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық поштасы мен www.jasnur. kz сайтына жолдауға болады.