Қазақстандық еркін күрес шеберлері екі мәрте тұғырға көтерілді.
ERNUR.KZ. Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық еркін күрес шеберлері екі мәрте тұғырға көтерілді, деп жазады Olympic.kz.
51 келіде белдескен Жахонгир Ахмаджанов күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ресейлік Магомед-Тагир Ханиевтен ұтылған.
Ал 92 келіде күрескен Бекзат Тәжі әлемдік сынның қола жүлдесін жеңіп алды.