FISU басқару комитетінің отырысында Беларусьтің көмегімен Украинаға басып кірген Ресейдің әрекеті айыпталды.
ERNUR.KZ. Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) комитетінің отырысында " Ресейдің Украинаға басып кіруінің" Украина тұрғындарына, соның ішінде елдің студенттік спорт қоғамдастығына тигізген сөз болды, деп жазады Экспресс К.
Сондай-ақ, FISU Украинада болып жатқан соғыс қимылдарына өкініш білдіріп, оны тоқтату туралы халықаралық үндеулерге қосылды.
"FISU Басқарушы комитеті ресейлік және беларусь спортшылары ұлттық университеттік спорт федерацияларының ресми өкілдерімен бірге FISU жарыстары мен іс-шараларына кем дегенде 2022 жылдың соңына дейін қатыспайтынын растайды", делінген хабарламада.
FISU украиналық студенттік спорт қоғамдастығына қаржылық қолдау көрсету мақсатында мамандандырылған қор құрды.
Жазғы Универсиада 2022 жылдың 26 маусымы мен 7 шілдесі аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді.