Шыққан тегі тунисті футболшы жаңа команда да тауып үлгерген.
ERNUR.KZ. Франциялық жартылай қорғаушы Уаджи Сали "Каспий" командасынан кетті, деп жазады kaz.vesti.kz.
Шыққан тегі тунисті футболшы жаңа команда да тауып үлгерген. Енді ол грекиялық "Апполон" сапында өнер көрсетеді.
24 жастағы Сали актаулық команда сапында биыл 21 кездесуге қатысып, алты гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Еске салайық, "Каспий" Қазақстан біріншілігінің 19-турынан кейін 24 ұпай жинап, сегізінші орында келеді.