Олжас Абраев 2018 жылдан бастап «Қазақстан кәсіби футбол лигасы» ассоциациясын басқарған.
ERNUR.KZ. Олжас Абраев Қазақстанның футбол федерациясының бас хатшысы етіп тағайындалды, деп жазады vesti.kz.
"Атқарушы комитет қараған мәселелер мен қабылдаған шешімдердің бірі - Бас хатшы етіп Олжас Абраевты тағайындау болды.
Бас хатшының орнына кандидатты таңдау команданы басқару, стратегиялық пайымдау және ойлау, көшбасшылық қасиеттер, жеке тиімділік, халықаралық ұйымдармен жұмыс тәжірибесі сияқты кәсіби дағдылар мен құзыреттерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес айқындалды.
Олжас Абраев 2018 жылдан бастап «Қазақстан кәсіби футбол лигасы» ассоциациясын басқарады. Өзінің көп жылғы кәсіби мансабында қазақстандық футбол жүйесінде әртүрлі лауазымдарды атқарды", - делінген хабарламада.