Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

0
659

68 жастағы маман құраманың тізгінін 2014 жылы ұстаған еді.


Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

ERNUR.KZ. Футболдан Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының ширек финалында Марокко құрамасынан ұтылып қалды, деп жазады vesti.kz.

Бұл кездесудегі жалғыз гол 42-минутта соғылды. Голдың авторы - Юссен Эне-Нессери. Осылайша, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен кездесетін болды. Бұл ойын 14 желтоқсан күні өтеді.

Бұл ойыннан кейін Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш мәлемдеме жасап - "Ертең Лиссабонға барамын. Сол кезде президентпен кездесіп, жұмысымды сөйлесемін", - деді.

Ал италиялық инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, Сантуш жуырда қызметінен қуылады.

Еске салайық, 68 жастағы маман құраманың тізгінін 2014 жылы ұстаған еді.