Маман жастар құрамасын жаттықтырған.
ERNUR.KZ. 21 жастағы испаниялық футбол жаттықтырушысы Франсиско Гарсия коронавирустан көз жұмды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жас маман Малага қаласындағы "Атлетико Портада Альта" әуеқой футбол клубынының жастар құрамасын жаттықтырған. Бапкер коронавирусты жұқтырып, бірнеше күннен кейін қайтыс болған.
Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, ол жұмысына үлкен тәуекелге қарамастан шыққан. Себебі, жақында жас бапкерден қатерлі ісік диагнозы анықталған. Алдын-ала болжам бойынша, жаттықтырушының иммунитеті коронавирус инфекциясын жеңе алмаған.
Қазіргі уақытта Испанияда вирустың 9942 жағдайы тіркелген, оның 342-і өліммен аяқталған.