"Қайрат" көшбасшылары сатылымға қойылды

0
652

Алматылық клуб Яцек Гуральски мен Хосе Кантені сатып алатын командалармен байланысқа шығуға дайын.


ERNUR.KZ. Жазғы трансферлік маусымда "Қайрат" сапынан екі шетелдік ойыншы кетуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

Алматылық клуб Яцек Гуральски мен Хосе Кантені сатып алатын командалармен байланысқа шығуға дайын. Қос футболшының "халықтың" командасымен келісімшарттары 2022 жылдың соңында аяқталатындықтан, жазғы трансферлік маусымда сатып жіберуге мүмкіндік бар.

Кейбір басылымдардың мәліметінше Гуральски Алексей Шпилевский жаттықтыратын кипрлік "Ариске" ауысуы мүмкін.

Ал Кантеге Болгария, Польша және Венгрия чемпионаттарынан ұсыныстар түсуде.