Екі ойыншы да 2020 жылғы маусымда алматылық клуб сапында Қазақстан чемпионы атанған.
ERNUR.KZ. «Қайраттың» бұрынғы ойыншылары Раде Дугалич пен Небойша Косович қытайлық «Мэйчжоу Хакка» клубына еркін агент ретінде ауысты, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы қытайлық клубтың ресми сайты жариялады.
Екі ойыншы да 2020 жылғы маусымда алматылық клуб сапында Қазақстан чемпионы атанған. Дугалич алматылық клуб сапында 95 ойынға қатысқан (12 гол және 2 нәтижелі пас), ал Косович 72 матч өткізді (9 гол және 10 нәтижелі пас).
Сербиялық қорғаушы «Қайратқа» 2019 жылы қыста ресейлік «Енисейден», ал черногориялық жартылай қорғаушы 2019 жылы наурызда белградтық «Партизаннан» ауысты.